Басты Жаңалықтар Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі аудандарында шенеуніктер заңды белшеден басқан

Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі аудандарында шенеуніктер заңды белшеден басқан

Жаңақорған кентінің әкімі, әкімнің орынбасары, кент аппаратының бас маманы электронды конкурс өткізу тәртібін бұзған. Таныс-тамырлыққа салынып, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін кәсіпкерге қолдау көрсеткен. Ал, Шиелі ауданында биыл мемлекеттік қызметке кір келтірген 32 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған. 4 шенеунік парамен ұсталған. Бұл мәліметтер облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысында айтылды.

Абзал Мұхимов, облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы:

- 2018 жылдың соңғы 5 айында сыбайлас жемқорлықтың артқанын байқап отырмыз. Арал ауданы сыбайлас жемқорлық қылмысының құқықбұзушылық сипаты бойынша көш бастап отырғанын жасыра алмаймыз. Алдағы отырысты сол солтүстік-батыста өткізуді жоспарлап отырмыз.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу