Еліміздің кәсіпкерлерін толғандырған негізгі түйткілдер талқыға түсті
«Бәсекелестік ережелерін бұзған 12 кәсіпкердің ісін қарап, 4 тергеуді бастадық, оның ішінде екеуі қазақстандық кәсіпкерлер». Еуразиялық экономикалық одақтың бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі – министр Марат Құсайынов елордада өткізген қоғамдық қабылдауында осылай деді.
Алдымен, еліміздің кәсіпкерлерін толғандырған негізгі түйткілдер талқыға түсті. Ортақ нарықта құқығы бұзылған кәсіпкердің қалай және қай жерде өз құқығын қорғауына болатыны егжей-тегжейлі түсіндірілді. Әрі жуырда өзгерген құқықтық құжаттардың жай-жапсары сөз болды. Ол жерде заңбұзушылықтарды алдын ала ескерту тетіктері нақты көрсетілген.
Марат Құсайынов, Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі-министр:
- Өткен жылы біз Еуразиялық экономикалық одақ тарихындағы айыппұл салу жөніндегі бірінші істі аяқтадық. Айыппұл Новолипецк металлургиялық комбинатына, Минск және Кентау трансформаторлық зауыттарына бағамен кемсіту көрсеткені үшін салынды.
Бұдан басқа, біз бәсекелестік ережелерін бұзу жөнінде кәсіпкердердің 12 арызын қарап, 4 тергеуді бастадық, оның ішінде қазақстандық кәсіпкерлерінің 2 арызы бар.
Комиссия бұдан әріде кәсіпкерлерге өз мүдделерін қорғауға көмектесіп тұрады.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы