Басты Жаңалықтар БҚО-да соңғы 5 жылда 79 кәсіпкер мемлекеттік грантты иеленді

БҚО-да соңғы 5 жылда 79 кәсіпкер мемлекеттік грантты иеленді

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аймақтарда шағын бизнестің өркендеуіне жол ашты. Батыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 79 кәсіпкер мемлекеттік грантты иеленді.  Оның жартысынан астамы ауылдық жерде өз ісін бастады.

Бадиғажамал Мусиеваның әу бастағы ермегі бүгінде кәсібіне айналған. Бастамасын іске асырып, дамытуға мемлекеттен берілген грант көмектесті.

1 млн. 900 мың теңгеге шебер Германиядан бірнеше тігін машинасын сатып алды. Соның арқасында, тұтынушыны отандық өніммен қамтып отыр.

Бадиғажамал Мусиева, кәсіпкер:

- Тапсырыс Ресейден, Алматыдан бар. Гранттың көмегі көп. Қытайдан алғанша, өзімізден жасаған бірнеше есе тиімді.

Бадиғажамал апай сияқты былтыр 18 адам жалпы сомасы 47 млн. теңгенің грантына ие болды. Қазіргі кезде сол бизнес жобалардың 50 пайызы іске асты. Биыл 237 өтініш келіп түскен. Жеңімпазға өз жобасын жүзеге асыру үшін 3 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы беріледі.

Мейрам Қабдығалиев, облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы:

- Осы тапсырған өтініштердің басым көпшілігі ауылдық жерден. Басты талап - жобаның жаңашылдығы, жұмыс орындарын ашу, бәсекеге қабілетті болуы. Кәсіпкерлерге арнайы мамандар бизнес жоспарын арнайы мамандар құруға көмектеседі.

Конкурс нәтижесі келер аптада белгілі болады. Ал, Бадиғажамал шебердің ендігі мақсаты - демеуші тауып, сүйікті ісін одан әрі өрістету. 

Назерке ТОҒЖАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу