Үздік әлеуметтік роликтер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік әлеуметтік роликтер анықталды

08.06.2018

Астанада үздік әлеуметтік бейнероликтер идеяларының республикалық конкурсы қорытындыланды. «Ниет» деп аталатын байқауда Алматылық Дмитрий Галабирдің сценарийі үздік деп танылды. Оған 1 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдені Ақапарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тапсырды. Жеңімпаздың сценариі желісімен роликті танымал режиссер Ақан Сатаев түсірген. Қысқа туындыда кішкентай баланың армандарының орындалуы және ондағы ата-ананың үлесі көрсетіледі. Аталған байқауда екінші орын Қуаныш Омаровқа бұйырса, үшінші орынды Ринат Тұрғанбеков алды. 

Дмитрий Галабир, «Ниет» әлеуметтік бейнероликтер байқауының жеңімпазы:

- Бейнероликтің идеясы көптен бері ойымда жүрген. Себебі, мен шығармашылық адамымымн, кітап жазамын. Жеңіп алған ақшалай жүлдемді қазір жазып жатқан кітабымды шығаруға жұмсаймын.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу