Басты Жаңалықтар Қызылордалық дәрігер Сара Әйтімова халықтан тек алғыс алып жүрген жан

Қызылордалық дәрігер Сара Әйтімова халықтан тек алғыс алып жүрген жан

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі  №4 емхананың дәрігері Сара Әйтімова халықтан тек алғыс алып жүрген жан.  «Басы ауырып, балтыры сыздаған» науқасқа ол тек медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, жылы сөзімен жанын жадыратып, бойына ізгілік сәулесін құяды.  Себебі, өмірдегі ең ізгі мамандық иесі  - халықтың сенімін өздеріне артылған үлкен жауапкершілік деп біледі. 

Тасбөгет кентіндегі жалғыз емхана 38 мың халыққа қызмет көрсетеді. Соның ішінде 2 мың тұрғынды қамтитын екі аумақ Сара Қазиқызына тиесілі.  28 жылдан бері бір жерде үзіліссіз еңбек етіп келе жатқан жалпы тәжірибелік дәрігер жаңа туған сәбиден бастап, еңкейген кәрінің денсаулығына жауап береді.  

Сара Әйтімова,  №4 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері:

- Қаншама адамды инсульттан, инфарктан, асқынулардан алып қалып жатамыз. Бірақ, ол жұмыс барысында білінбейді. Жауапкершілік үлкен.

86 жастағы Несіпхан кейуананың қан қысымы тұрақтамай тұр. Күн ысығалы жағдайы тіпті қиындады. Сондықтан, дәрігерлер бұл үйге күн сайын келіп, ақ жаулықты ананың денсаулығын жіті бақылауда ұстайды.

Сара Әйтімова, №4 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері: 

- Күн ысыған сайын шақырту көбейеді. Қан қысымы көтеріледі, инфекция болады, балалар салқын тиіп жиі ауырады.

Күніне орта есеппен  30-35 шақырту түседі. Сара Қазиқызы соның барлығына үлгеруге тырысады.  Ол үшін әрбір адамның өмірі маңызды.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу