Кәсіпкерлікке берілетін несие көлемі шектеулі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлікке берілетін несие көлемі шектеулі

07.06.2018

Биыл кәсіпкерлікті қолдауға 14 мыңнан астам шағын несие беріледі. Оның 11 мыңы ауыл халқына, қалғаны қалалықтарға берілді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі айтты.

Сондай-ақ, несие көлеміне шектеу қойылды. Ол ауылдық жерлер үшін 6 миллион теңге. Астана, Алматы, Ақтау, Атырау тұрғындары үшін 19 миллион теңге. Қалған шағын қалалар үшін 15 миллион теңге көлемінде. Биыл кепілдеме беру мәселесі де жетілдірілген. Арзандатылған несие алып, тірлік бастаймын деген азаматтар жергілікті жердегі кәсіпкерлер палатасына хабарласуы керек.

Жеңісбек Дулатов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры:

- Үкімет тарапынан жалпы несиенің сомасынан 85 пайыз кепілдік беріледі. Мысалы, 1 млн. теңге алса, кепілдік ретінде 850 мың теңгесін Үкімет кепілдендіреді. Қалған 150 мың теңгесіне несие алушы өзі кепілдік қою керек

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу