Қапшағай қаласында «Балдәурен дарыны–2018» байқауы аяқталды
Алматы облысының Қапшағай қаласында «Балдәурен дарыны-2018» республикалық зерттеу және әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Екі күндік шараға әр аймақтан 32 оқушы қатысып, 10 номинация бойынша бақ сынады.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай игі бастама балалардың жазғы демалыс кезінде ізденістерін арттырып, зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын оятады. Алғаш өткен жарысқа олар тың жобаларын ұсынып, қазылардың алдында қорғады. Жеңімпаздарға оқу-сауықтыру орталығына жолдама берілді.
Бірлік Баржақсымов, «Балдәурен-Қапшағай» кешенінің директоры:
- Бұл шараны бірінші рет өткізіп отырмыз, ойдан шықтық деп ойлаймыз. Өйткені, келген балалар өте жақсы дайындалған.
Алмат ӘБДІРАМАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы