Елбасы кітапханасында Қазақстандағы Өзбекстан жылына қатысты дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы кітапханасында Қазақстандағы Өзбекстан жылына қатысты дөңгелек үстел өтті

06.06.2018

«Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында аймақтық ынтымақтастық - Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықтың кепілі». Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында осындай атаумен халықаралық дөңгелек үстел жиыны өтті. Қазақ пен өзбек – түбі бір туысқан халықтар. Екі ел арасындағы тарихи қарым-қатынас бауырластық пен достыққа негізделген. Қазақстан мен Өзбекстан бұл байланысты Тәуелсіздік жылдары жаңа деңгейге көтерді. Мемлекет басшыларының мемлекеттік сапарларынан бөлек, екі елдің үкімет мүшелерінің байланысы жиілей бастады және ақпарат құралдарында екі ел байланысы жайлы ақпараттар көбейгені көзге түседі. Тәуелсіз мемлекеттер ретінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы басталған еді. 

Аидикрам Ниязходжаев, ҚР Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Өзбекстан жылы аясында мәдени-гуманитарлық сала бойынша 143 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Ол шаралар Астана мен Алматыда ғана емес, басқа да өңірлерді қамтиды. Ал, сауда-экономикалық байланыс бойынша шекаралас аймақтарда бизнес-форумдар өтеді.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу