Қызылордада «Әлеуметтік қонақ үй» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Әлеуметтік қонақ үй» ашылды

06.06.2018

Бұл жоба онкологиялық ауруға шалдыққан балаларды қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Яғни, аудандардан облыс орталығына дәрігерге қаралуға жиі келетін балғындардың ата-аналары үшін уақытша баспана ретінде ұйымдастырылған. Науқас балалар ауруханада болған кезде оның анасы осы қонақ үйде тегін тұра алады. «Әлеуметтік қонақ үй» 12 адамға лайықталған. Жобаны жүзеге асырушы «Арал балалары» қайырымдылық қоры өкілдерінің айтуынша, тек онкологиялық аурумен науқастанғандар емес, қоғамда түрлі зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар да осында келіп, уақытша паналай алады. 

Құралай Исаева, «Арал балалары» қайырымдылық қоғамдық қорының директоры:

- Науқас баласымен ата-ана шалғай ауылдан қалаға келеді. Дәрігерге қаралу бірнеше күнге созылатындықтан, уақытша тұрақтайтын туған-туыс іздеп қиналады. Өте қиын жағдай. Сондықтан, бұл жоба өте қажет деп ойлаймыз. Жобаны жүзеге асыруға жергілікті мұнай компаниясы -«Құмкөлкөлікқызметі» атсалысуда. Олар қонақ үй шығындарын өз міндетіне алып отыр. Сондай-ақ, мемлекеттің қолдауымен қажетті құрал-жабдықтар алдық. Тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар да көмек қолын созып жатыр.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу