Жалпыұлттық бірлік - тұрақтылықтың кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалпыұлттық бірлік - тұрақтылықтың кепілі

06.06.2018

Өскеменде «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында республикалық семинар өтуде. Жиналғандар жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті қалыптастыру бойынша жүктелген міндеттерді түсіндіріп, оны іске асырудың жолдарын талқылады. Сонай-ақ, қоғамдық сананы жаңғырту, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары да көптің талқысына түсті. Негізінен, жоғарыда аталған бағыттар бойынша қоғам сауатты, шешілмеген мәселе жоқ. 

Дастан Көшербаев, Орталық Азия өңіріндегі Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда көтеріп отырған мәселеміз біртұтастығымызды ары қарай дамыту және оны сақтап қалу. Бұл мәселеде Елбасы атап өткендей, бізде қиындықтар туындаған емес. Бірақ, қарап отырмай, ары қарай жұмыс істеу керек.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу