Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті жанынан аурухана салу мен Павлодар қаласын жарықтандыру жүйесін жетілдіру. Бүгін Қазақстан мен Еуропалық қайту құру мен даму банкі бірнеше құжатқа қол қойды.
Атап айтсақ, «Бәйтерек» холдингі мен аталған банк Алматыда аурухана мен емхана салу үшін мемлекеттік және жекеменшік әріптестік жобасын жасақтау үшін 1 миллион еуро қаржы құю келісіміне қол қойды. Бұл қаржыға Асфендияров атындағы медициналық университет жанынан көпфункционалды медицина мекемесін салудың жоспары мен техникалық құжаттары жасалады.
Сондай-ақ, қаржы институты Павлодар қаласын жарықтандыру үшін 2,6 миллиард теңге несие бөлу туралы құжатқа қол қойды.
Бұдан бөлек, Өскемен мен Семей қалаларындағы экологиялық жобаларды қолдау бойынша алдын ала келісімге қол қойылды. Шығыс Қазақстанда еуропалық банктің қолдауымен бұған дейін де бірнеше жоба қаржыландырылған.
Даниял Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
- Біз осы жұмысты жалғастырамыз. Негізінде біздің портфелімізде 160 млрд-қа жобамыз бар.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ