Демалыс кешенінде 150 бала бес күн бойы кәсіпкерліктің негізін үйренеді. Республиканың үздік бизнес-тренерлері дәріс оқып, шеберлік сыныптарын өткізеді. 12 мектептен іріктеліп алған жастар өз жобаларын қорғайды. «Al-FarabiEducation» Business Academy кәсіпкерлік мектебі мен өңірдің әкімдігі бірігіп қолға алған жоба келесі жылы да жалғасын табады. «Шараның ауқымы кеңейіп, қатысушылар көбейеді», -дейді ұйымдастырушылар. 6 ай оқып, білімін іске асырғандардың ішінде кәсібін ашып, сыныптастарына жұмыс беріп отырған оқушылар да бар екен.
Айгүлім Қадырғалиқызы, оқушы:
- Шағын бизнесімді аштым. Киізден жасалған сәндік бұйымдар. Ол жайында мұғалімім Нұржанова Шолпан барлық қыр-сырын, қалай жасау керек екенін, маркетингке қалай шығу керек екенін, қалай жарнама жасау керек екенін үйретті. Қазір берген білімімен жұмыс істеп жатырмын.
Айсара АЙТМАН