Алматыда «Жанұя» мамандандырылған кешенінде «Қасқыр шөп жей ме?» атты қойылым көпшіліктің назарына ұсынылды. Ертегі желісімен дайындалған қойылымдағы жануарлардың бейнесін №8 Оқушылар үйінің өнерпаздары сомдады. Сондықтан, драматург-режиссер Данияр Саламаттың туындысы балалар ұжымы ойнаған алғашқы еңбек. Таңғажайып көріністе ну ормандағы аңдардың тартысты тіршілігі суреттелген. Мысалы, жамандықтың бейнесіндегі аш қасқыр бейқам жүрген қоян мен қозы-лаққа бас салады. Жамандық пен жақсылықтың арпалысына басқа да жыртқыштар араласып, шым-шытырық оқиғаға ұласады. «Сондықтан, бұл жастарды өмір шындығына үйретіп, мейрімділікке баулиды», - дейді ата-аналар.
Мейрамгүл Егінбайқызы, қала тұрғыны:
- Бүгінгі қойылымды «Жанұя» балалар үйіне келіп қойып отырмыз. Балалар үлкен әсер алуда.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ