Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық табиғат паркінде бизон төлдеді. Жануардың 2 аналығы мен 1 аталығы елімізге Ресейдің Пермь қаласынан 1988 жылы жеткізіліпті. Содан бері аша тұяқтылар бірнеше рет қана төлдеген. Бірақ, қодастармен бір торда жүрген соң ұзақ өмір сүрмеген. Кейін қодастар қорықтан қуылып, Қарағандыдағы зообаққа тапсырылады. Содан бері бизондар қауіпсіз ортада, маралдармен бірге бағылады. «Сондықтан, бұл жолғы төлді аман сақтап қалуға мүмкіндік бар», - дейді парк қызметкерлері.
Игорь Винтоняк, Қарқаралы ұлттық табиғат паркі директорының орынбасары:
- Әдетте бизондар 4-5 жылда бір төлдейді. Осы жолы әйтеуір тұқым беріп, қатары көбейді. Оны біз Барселона деп атадық. Себебі, тура сол күні «Барселона» мен «Реал Мадрид» командасы футбол ойнаған болатын. Қазір жануардың жағдайы жақсы, ширап келеді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ