Душанбеде ТМД елдері Үкімет басшыларының кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Душанбеде ТМД елдері Үкімет басшыларының кеңесі өтті

01.06.2018

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев  ТМД елдері Үкімет басшыларының Душанбедегі кеңесіне қатысты. Үкімет басшысы ресейлік әріптесі Дмитрий Медведев және Қырғызстан премьер-министрі  Мұхаммедқали Абылгазиевпен екіжақты кездесу өткізді. Айта кету керек, биылғы кеңес Тәжікстанның төрағалығымен өтуде. Кеңес алдында Үкімет басшыларын Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қабылдады.  Дәстүрлі кеңес кеңейтілген және кіші құрамда өтті. Қазақстан тарапы ұйымды жаңғырту бойынша тұжырымдаманың негізгі іс-шараларын жүзеге асыру туралы айтты. 

Сондай-ақ, Үкімет басшылары сегіз түрлі келісімге қол қойды. Оның ішінде ТМД елдерінің мұғалімдері мен білім қызметкерлерінің съез туралы құжат та бар. Айта кету керек, кеңестің кезекті басқосуы биыл күзде Астанада өтеді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу