«Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер». Астанада осындай тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында «өмір бойы оқытудың» өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, оқыту мен оқудағы инновациялар жайында сөз қозғалды. Мәдениаралық коммуникацияларға арналған көптілді білім берудің жаңа қырлары таныстырылды. Конференцияға ЮНЕСКО штаб-пәтері Дүниежүзілік үздіксіз білім беру комитетінің халықаралық сарапшылары мен шетел университеттерінің танымал ғалымдары қатысты.
Манаргүл Мұқашева, тарих ғылымдарының кандидаты:
- Кеше ғана Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясында үлкен дөңгелек үстелдер өткізілді. Көптеген мәселелер талқыланды. Бұл мәселенің көкейкестілігін жан-жақтан қатысып отырған ғалымдардың және жергілікті мамандардың қызығушылығынан байқауға болады.
Әйгерім ШАЯХМЕТОВА