ОҚО-да қауын-қарбыз пісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да қауын-қарбыз пісті

30.05.2018

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында жаз басталмай жатып, қауын-қарбыз пісті. Қазіргі таңда 350 гектар жерге ерте көктемде егілген көкөніс дақылдары пісіп жетіліп, егістік алқаптарында терім жұмыстары қыза түскен. Егіс алқаптарынан жиналған 60 тонна өнім бірден Ресей елінің нарығына жөнелтілді. Еліміздің өзге өңірлері мен шет елдерден келіп жатқан сауда орындарының өкілдері қауын-қарбызды егіс алқабының басынан өздері алып кетіп жатыр. Сондай-ақ, Мақтаралда болгар бұрышы мен баклажан да терілуде. Өнім мол. Бұған дейін тек мақта егуді ғана кәсіп еткен аймақ диқандары егіншілікті әртараптандырудың нәтижесінде осындай табысқа жетті. Айта кетейік, былтыр шаруалар көкөністен 90 мың тоннаға жуық өнім алды. Ал, биылғы көрсеткіш мұнан да жоғары болмақ.

Алтынбек Тураев, шаруа:

- Өнім жаман емес. Бағасы да жақсы. 300-ден 350-ге дейін. Өнімі жақсы болса, 400 теңгеден кетіп жатыр. Қазір басталды барлық нәрсе. Болгар бұрышы өзіміздің Шымкент, Алматыға кетіп жатыр. Баклажан Ресейге кетіп жатыр. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу