Басты Жаңалықтар Астанадағы оқушылар сарайында «Сталинмен бетпе-бет» тарихи драмасы қойылды

Астанадағы оқушылар сарайында «Сталинмен бетпе-бет» тарихи драмасы қойылды

Авторы жазушы-драматург Жолтай Жұмат-Әлмашұлы. Спектакль 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін, репрессия зұлматтары туралы. Негізгі кейіпкерлері Алаш қозғалысының өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов пен Сталин. Сол жылдары Сұлтанбек Қожанов Қазақ өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған. Сталинмен қарым-қатынасы да жаман болмаған. Алайда, қойылымдағы Замани секілді адамдардың кесірінен қазақ халқы көп қасірет шеккен. Кейбір қазақ ойшылдарының көзін құртуға сеп болған. Автор осы қойылым арқылы жастардың Замани сияқты болмауын, ондай адамдарды көрсе жаңылыспауын мақсат еткен. Спектакльді оқушылар сарайының мұғалімдері мен олардың шәкірттері қойды. 

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, «Сталинмен бетпе-бет» тарихи драмасының авторы:

- Мен шығарманың ішіне Замани деген кейіпкерді енгіздім. Солар қоғамдық ортаға, жақсы қарым-қатынас жасайтын екі азаматтың ортасына түсіп, соны бұзуға , іріткі салуға құмар болып тұрады.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Бөлісу