Келешекте бірқатар мамандықтарға жұмыс орны бос қалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келешекте бірқатар мамандықтарға жұмыс орны бос қалады

30.05.2018

Алдағы жылдары өңдеуші және тау-кен өнеркәсібінде, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салаларында 441 мың жұмыс орны бос қалады. Себебі, жаңа технология адамдардың орнын басатын болады. Жастар болашақта сондай қысқартуларға ұшырамас үшін таңдаған мамандықтарын цифрландырумен ұштастырғаны дұрыс. Мектеп бітірушілермен кездесуінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары осылай деп кеңес берді. Бірақ, Нұржан Әлтаев есесіне туризм, білім салаларында, көтерме және бөлшек сауда, көлік пен логистика бағытында 930 мыңнан астам жұмыс орны ашылатынын айтты. Сондай-ақ, ол үнемі өзін-өзі жетілдіріп отырудың маңызын түсіндірді. Яғни, әр жаңалыққа елең етіп, меңгере білу – көштен қалмай ілгері жүруге сеп болмақ.

Нұржан Әлтаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

- Қысқарып жатқан салалардан шығып жатқан азаматтарды оқытып, жаңа мамандықтарды беріп, бос қалған жұмыс орындарына жіберуіміз керек. Сондықтан, көптеген сұраныс осы IT технологиялар жағынан болады. Қаржы, заңгерлер немесе банк жұмыскерлері болса, олар IT жағын білу керек. Онсыз жұмыс табу қиын болады.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу