Басты Жаңалықтар Елімізде пара алу фактілері азайған

Елімізде пара алу фактілері азайған

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім білдірген азаматтардың үлесі соңғы екі жылда 18 пайызға өскен. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Жемқорлықты қабылдау жөніндегі дүниежүзілік индекске сай, биыл Қазақстан 180 мемлекеттің арасында 122 орынды иеленген.

Сондай-ақ, пара алу фактісі бойынша құқықбұзушылық 13 пайызға азайыпты. «Осы айтылғандардың бәрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың нәтижесі»,- дейді мамандар. Әсіресе, Әділет, Индустриялық даму департаменттерінде осындай қылмыс көп тіркеледі екен.

Ернар Маханов,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қалалық департамент өкілі:

- Әділет департаменті жүргізген тексеру қорытындысы бойынша 130 заңбұзушылық анықталды. Бүгінгі күнде анықталған бұзушылықтар бойынша оларды жою, жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарау бойынша нұсқама қаралуда.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Бөлісу