Қызылорда облысында 428 адамды кене шақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 428 адамды кене шақты

28.05.2018

Қызылорда облысында 428 адамды кене шаққан. 4 науқасқа қырым қанды безгегіне күдікті диагнозы қойылды. Бірақ, абырой болғанда, зертханалық сараптама нәтижесінде ол нақтыланған жоқ. Мамандар «жалпы, өңірде эпизоотологиялық-эпидемиялық ахуал тұрақсыз», - дейді. Қолайсыз аймақтар саны да артқан.

Былтыр 117 елді мекен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы  деп  белгіленсе, биыл ол 127-ге жетті. Қазір сол ауыл-аймақтарда кенеге қарсы өңдеу және санитарлық жұмыстар жүріп жатыр. 

Әлия Әбдіқайымова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

- Бұрын осы күдікті жағдайлар оңтүстік өңірлерде тіркелетін болса, қазір керісінше, солтүстік өңірлерге, зақымдалған кенелердің ариалы сол жаққа қарай бағытталып отыр. Бізде Конго-Қырым гемаррагиялық қызбасын тасымалдайтын иксотты кенелердің 6 түрі бар. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу