Еліміздегі құрылыс саласы қашан жөнге келеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі құрылыс саласы қашан жөнге келеді?

26.05.2018

Бүгін «Мәселе» бағдарламасында сапасыз құрылыс туралы айтылды. Осы аптада Астанада қатты желден үйлердің шатыры, қабырғаларының қаптамалары ұшты, сонымен қатар, шала бекітілген биіктегі кран да жерге құлады. Сыннан сүрінді ғимараттар, демек, құрылыс үшін қаржы алған компаниялар жұмысын дұрыс атқармады, бұл дегеніңіз, оларға бюджеттен ақша бөлген шенеуніктер ісіне салғырт қарағанын айғақтайды.

Тағы бір түйткіл, үлескерлер. Жылдап жалдамалы пәтерде жүрген жандар үй алсақ деп құрылысқа ақша салады. Өкініштісі сол, кейде қаржыға қалтасын толтырған компания басшылары тайып тұрады. Жұрт сорлап қалады, қолдарындағы келісімшарттарымен қоса үй алсам деген үміттерінің де күлі көкке ұшады. Осы тақырып турасында Еркін Съезұлының материалында.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу