Республика аумағында 142 контрабандалық қылмыс анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика аумағында 142 контрабандалық қылмыс анықталды

24.05.2018

Республика аумағында контрафактілік тауарларды анықтау барысында 142 қылмыс тіркелді. Осылайша, заңсыз айналымнан 8 мыңнан астам өнім тәркіленді. Олардың көбі лицензиясыз компьютерлік бағдарламалар, бейне және аудио жазбалары.

Сондай-ақ, интернет желісінде порнографиялық суреттерді таратқан 3 қазақстандық ұсталды. Бұдан өзге жасырын тыңдау және жазба құралдарын сатудың 25 фактісі анықталды. Бүгінде осы іс бойынша сараптамалық жұмыстар тағайындалған. Сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр. Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі осындай жедел операцияларды жылына төрт рет өткізіп тұрады.

Рүстем Дүйсетаев,  ІІМ Криминалдық полиция департаменті «К» басқармасының бөлім бастығы:

- Ең көп фактілер Алматы және Астана қалаларында тіркеледі. Сосын Шымкент қаласында бар. Қалған аймақтарда тіркелген қылмыстардың саны аз.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу