Оралда халықаралық экологиялық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда халықаралық экологиялық форум өтті

24.05.2018

«Жасыл экономикаға» өту арқылы табиғи ресустарды үнемдей түсу қажет. Оралда өткен «Uralsk Green Forum» атты 2-ші  халықаралық экологиялық форум осы тақырып турасында өрбіді.  Шараға 150-ден астам делегат қатысып, «Жасыл экономика» тұжырымдамасын табысты іске асыру жайын сөз етті.

Мұнай-газ саласына оның ішінде, қалдықтарды қайта өңдеуде  инновациялық технологияларды қолдануға ерекше мән берілді. Экологиялық заңнамаларды одан әрі жетілдіріп, жаңа бастамалар мен ұсыныстар тыңдалды. Форумның басты ұйымдастырушысы – «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясы. Ірі мұнай өңдеу кәсіпорны құрылғалы бері қоршаған ортаны қорғау шараларына  363 млн. доллар құйылған. Форум аясында дәл осы компания мен облыс әкімдігі, халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. 

Руслан Мұқанғалиев, компанияның бөлім басшысы:

- Былтырдан бастап біздің компания ұңғымаларды бұрғылаған кезде ауаға улы қалдықтар таралмас үшін арнайы құрылғыларды қолдана бастады. Соның нәтижесінде, биыл мұнай-газ компаниялары арасындағы экологиялық рейтингте екінші орынға тұрақтадық. Күні кеше Елбасымыз өңірге сапары кезінде «Орал – еліміздегі ең таза қала» деп баға беріп кеткен болатын. Сондықтан, бұл брендті ұстап тұру үшін күш біріктіруіміз керек.

Назерке ТОҚЖАН

Хабарламаларға жазылу