Атырауға барған Мәжіліс депутаттары әскерилермен кездесіп, әлеуметтік түйткілдеріне құлақ түрді. Жиында Қарулы күштер саласындағы қызметкерлерді үймен қамту жайы сөз болды. Әскерилер үшін ұсынылып отырған тұрғын үй бағдарламасы бойынша әр қызметкердің баспана алуына мүмкіндік бар.
Басқосу барысында заңнамалық тұрғыдан кеңес беріліп, ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, депутаттар бөлімшелердің ішкі жағдайымен танысып, сарбаздардың әскери дайындығына көз жеткізді. Отандық зауытта жасалған техникаларды көрген халық қалаулылары әскери мекеме құрылымдарына оң баға берді.
Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің Сыртқы істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы:
- Ең басты мәселе - біздің Қарулы күштердің заманауи деңгейін қамтамассыз ету. Заңнамалық тұрғыдан қолдау көрсету. Әлеуметтік жағдайларын шешіп беру.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ