Қызылорда облысында мектеп оқушыларының стафилококк таяқшасынан ұшынғаны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында мектеп оқушыларының стафилококк таяқшасынан ұшынғаны белгілі болды

24.05.2018

Зертханалық сараптама нәтижесі бойынша, асханадағы аспазшыдан осы бактерия анықталған. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Жаңақорған ауданының Келінтөбе ауылында 25 оқушы жаппай астан ұшынып, ауруханаға түскен болатын. 

21 бала алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды,  4-еуі ауруханаға жатқызылды.  Қазір олар үйлеріне шығарылды, жағдайлары жақсы.

Айна Мұхамбетова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері: 

- Алдын ала қойылған тамақтан улану, сальмонеллез диагнозы алынып тасталып жатыр. Себебі, ол қойылған диагноз эпиданамнез жинаған кезде қарақұмық пен қайнатылған жұмыртқа болғандықтан қойылып тұр. Лабораторлық зерттеулер бойынша стафилококк шығуына байланысты сальмонеллез алып тасталынды. Стафилококк болжам бойынша асхананың қызметкерінен жұққан.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу