Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарда болып, өндіріс ошақтарындағы мамандармен кездесті. Аймақтың экономикалық әлеуетімен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев облысты ұлттық экономиканың көшбасшыларының бірі ретінде атап өтті.
Кейін облыс активімен, жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын талқылады. Алқалы жиында өңірге белгілі зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері сөз алып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен бес әлеуметтік бастаманың еліміздің дамуы үшін маңызды қадам екенін жеткізді. Басқосуда Сенат Төрағасы бес бастамада аталған межелі міндеттерді орындауда, немқұрайлық танытпау керектігін баса айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Бес әлеуметтік бастаманы толық іске асыру - барлық деңгейдегі атқарушы органдардың басты міндеті. Жалқаулыққа, салғырттыққа, немқұрайлыққа енді төзуге болмайды. Стратегиялық іс тапсырылған тұлғалар халықтың қатаң бақылауында болады.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.