«Алакөл демалыс орнына апаратын жолдың құрылысы биыл басталды. Құрылыс толығымен 3 жыл ішінде аяқталады». Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуінде осылай деді. Жалпы, жазғы маусымда Алакөл демалыс орнына шамамен 1,5 млн-дай адам барып, демалады деп жоспарланып отыр. Министрлік өткен жылды оң көрсеткіштермен тәмәмдады. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы көлемі 11,2 млн. шаршы метр болатын тұрғый үй пайдалануға берілді. Бұл 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болды деген сөз. Сондай-ақ, құрылыс және жол құрылысы саласындағы отандық өнімнің үлесі 100 пайызға жуықтаған.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
- Алматыдан Алакөлге баратын пойыздардың саны көбейеді. Талдықорған, Үшарал, Достыққа баратын жолға қаражат бөлінді. Ол құрылыс үш жылдың ішінде толығымен аяқталады деп жоспарлап отырмыз.
Ғабит БӨКЕНБАЙ