Басты Жаңалықтар Қасиетті орындарда сенбілік өткізілді

Қасиетті орындарда сенбілік өткізілді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на қарасты 23 мұнай компаниялары Маңғыстау облысында орналасқан және мемлекетпен қорғалған 28 тарихи орындар мен қасиетті алаңдарды өз қамқорлығына алды. Өткен демалыс күндері мұнайшылар кең ауқымды сенбілік өткізді. Қасиетті аймақтардағы атқарылған қолғабыс жұмыстарды, «қара алтын» өндірушілер өткізді.

Сенбілікке 1,5 мыңнан астам адам келді. Санитарлық-тазалық жұмыстары Қызыл қала бекінісінен басталды. «Мұндай игі шараны әрқашан қызметкерлерімізбен өткізу, біздің - басты міндетіміз», деп біледі ұлттық компания бөлімінің директоры.

Еркін Рахымбергенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ директоры:

- Біздің мұнайшылар әрдайым Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайды. Айта кету керек, 23 компания өкілдері қоршаулар, электр желілерін орнату, аумақтарды тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізу сияқты түрлі жұмыстар атқарды.

Мұнайшылар Тобықтыда орналасқан Бекет-ата жерасты мешітінде де біраз жұмыстар атқарды. Қоршау орнату, қонақ үй мен намаз бөлмесін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ, 600-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды.

Қуандық Аққұлұлы, Бекет-ата жерасты мешітінің шырақшысы:

- Мен мұнда жұмысқа келгенде екі бөлмелі сарай болды, ал, қазір бұл үй. Мұнайшылардың арқасында бұл сарай тұрғын үй бөлмелері бар үлкен үйге орнатылды. Елбасы рухани жаңару туралы әңгімелейді, ал, бүгінгі еңбектер осы тараудың миссиясы жүзеге асырылуының дәлелі болып табылады.

Мұнайшыларға жергілікті туристік гидтер ежелгі ескерткіштің тарихы туралы толық ақпараттар берді.

Ұлттық компания өткізген акция Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Жас қызметкерлер сенбілік өткізуден бастаса, үлкендер жағы әсер алып, туған өлкенің тарихында білімдерін жетілдірді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу