Еуроодақ және БҰҰ-ның бірлескен жобасы Астана іргесінде табысты жүзеге асып жатыр. Халықаралық ұйымның қолдауымен құрылысы жүріп жатқан жылыжай аумағында «Жасыл экономикаға» бейімделу тақырыбына арналған семинар өтті. Дәріс алу үшін Орталық Азия елдерінен ауыл шаруашылығы мамандары шақыртылған. Олар елордада жүзеге асып жатқан «жасыл экономика» жобасының барысымен танысты. Еуропалық стандарттарға негізделген жылыжай құрылысына халықаралық ұйым 900 мың еуро бөлген.
Гүлжамал Исаева, Еуроодақ және БҰҰ бірлескен жобасының менеджері:
- Жоба Орталық Азия елдеріне арналған. Аталған елдердің экономикалық, климаттық жағдайлары ұқсас. Осыған орай, Орталық Азия елдерінің өкілдерін семинарға шақырдық. Мақсат - тәжірибемен бөлісу. Ең бастысы, көргенін өз елдерінде іске асыруы тиіс.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.