Петропавлдағы дүкен сөрелерінде антибиотик қосылған шұжықтар табылды
Құрамынан анықталған левомицетин мөлшері 100 есеге артық болып шыққан. Денсаулыққа қауіпті ресейлік өнімдер дүкендерде наурыз айынан бері саудаланған. Сондықтан, мамандар шұжықтың небәрі 12 келісін ғана тәркілеп, қалалық ветеринарлық станцияның крематорий пешінде жойды.
Еркін Ыбыраев, Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы:
-Сиыр және құс етінен жасалған шұжықтар Ресейдің Урал және Омбы облыстарынан жеткізілген. Кеденнен кедергісіз өткен өнімдер техникалық нұсқаулыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне хат жолданды, әрі қарай шешімді Астанадағы өкілдер шығарады.
Самат САПАРАЛЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде Дүниежүзілік туризм форумы өтіп жатыр
10.11.2026, 20:18
Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек
10.11.2026, 20:17
Ресей-Украина-АҚШ үшжақты келіссөзі басталды
10.11.2026, 20:17
Қысқа дайындық қалай?
10.11.2026, 20:16
Масылдық емес, еңбекті таңдағандар
10.11.2026, 20:15
Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды
10.11.2026, 20:14
Семейде «Digital Abai – 2026» халықаралық IT форумы өтті
10.11.2026, 20:12
Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы
10.11.2026, 20:10