Басты Жаңалықтар Елорданың 20 жылдығы қарсаңында қала аумағы құқық сақшыларының жіті бақылауында болады

Елорданың 20 жылдығы қарсаңында қала аумағы құқық сақшыларының жіті бақылауында болады

Алдағы он күнде қала аумағы құқық сақшыларының жіті бақылауында болады. Шара Астананың 20 жылдығы қарсаңында қауіпсіздік пен тәртіптің тиісті деңгейіне қол жеткізу үшін ұйымдастырылған.  Көше, қоғамдық орындар, білім ордаларының аумағы бәрі қамтылмақ.

Сондай-ақ,  құрылыс алаңдарында жұмыс істеп жатқан еңбек мигранттары да жіті қадағалауға алынбақ. Себебі, өткен жылғы тексерілген 171 мекемеде құжатсыз жүрген 2500 адам анықталған. Осындай жұмыстардың арқасында өткен жылы қаладағы қоғамдық орындардағы тәртіп бұзушылық 30 пайызға, көшедегі болған келеңсіз жағдайлар 25 пайызға азайған. Мұндай нәтижеге жетуге қалада орнатылған 14 мың камераның септігі зор. Ал, қала күні кезінде елорданы 4 мыңдай сақшы бақылайды. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу