Қызылордалық жастар егін егіп, қоқыс жинайтын  робот құрастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық жастар егін егіп, қоқыс жинайтын  робот құрастырды

21.05.2018

Қызылордалық жастар «еден жуатын», «қоқыс жинайтын», тіпті егін егіп, оны өзі  өсіретін роботтар құрастырды.  Ол құлтемірлердің мүмкіндігі өңірде алғаш рет өткен «Робофест» сайысында сараланды.

- Бұл робот егін егеді, жерді қазады, дәнді тастайды, артынан өзі сол жердің топырағын тегістеп, әрі қарай жұмысын жалғастырады. Жасанды интеллект  бейнеті мехнаты көп жұмысты жеңілдетеді.

Асылжан Сәтмағамбетов, оқушы:

- Бұл роботқа  керегі координата мен суару уақыты, қалған жұмыстарды робот өзі атқарады. Суару, жер қопару, дақылдарды егу, тағы да басқа.

Ал мынау қоқыс тазалайтын, еден жуатын, яғни, үй шаруасын бір адамдай атқара алатын өте епті робот. Ол үшін белгілі бір аумақты белгілеп, арнайы бағдарламаға енгізеді. Сол бағдарлама бойынша робот тиісті тапсырманы тиянақты орындайды. Жұмыс екі диск бойынша жүзеге асады.

Аружан Махамбет,  оқушы:

 - Бұл дискінің орнына түрлендіру енгізуге болады. Мысалы, дискіге щетка немесе дымқыл шүберек жалғап, еден жууға болады.

Шараға 6 мен 17 жас аралығындағы  100-ге жуық үміткер қатысты. Олар 4 категория бойынша сынға түсті. Өңірде былтырдан бері оқушылар үйлерінде ашылған  робототехника үйірмелерінде 316 жас өрен   ІТ - технологияны   меңгеріп жатыр.  Сондай-ақ,  25 инновациялық мектепте робототехника элективті курс ретінде оқытылуда.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу