Ол үшін «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «EGOVKZKENESBOT» парақшасына жүгінсеңіз болғаны. Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялар басқармасының төрағасы Әсет Тұрысов мәлімдеді. Сондай-ақ, мекенжайдан бөлек, басқа заңды тұлғаларға, жеке тұлғалардың қатысы туралы анықтама, сотталмағандығы туралы анықтама, жылжымайтын мүлкінің бары немесе жоғы туралы анықтаманы осы жерден алуға болады. Басқарма төрағасының айтуынша, жақында электронды үкімет сайтының дизайны жаңартылады. Бұған дейін қолданыста болған сайт 2012 жылы жасалған. Яғни, қазіргі заман талаптарына сай келмейді. Жаңа сайтпен бірге, жаңа қызмет түрлерін де іске қосу жоспарланып отыр.
Әсет Тұрысов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы:
-SMS-хабарлама қызметін қолдану үшін телефоныңыздың нөмірі «egov.kz» порталының профиліне бекітілуі тиіс. Жуық арада қызметтердің түрін көбейту жоспарланып отыр. Сонымен бірге, алынған анықтаманы телефонға сақтап қоюға немесе e-mail арқылы жолдауға болады.
Бақытжан ОМАР
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.