Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров айтты. Орта Азиядағы еңбек қатыстарына арналған дөңгелек үстелде бұл жаңа құрылымның жұмысы жан-жақты талқыланды. Қазір Қазақстанда Орта Азия елдері мемлекеттерімен құрылған төрт мыңнан астам компания жұмыс істейді. Сондықтан да, еңбек қатынастарын реттеу мен қызметкерлердің құқығын қорғау маңызды. Шараға іргелес елдер кәсіподақтарының басшылары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, еңбек сарапшылары қатысты.
Ерлан Сайыров, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:
- Қазақстан осы ОА елдерінен еңбек мигранттарын қабылдаушы және де экспорттаушы болып табылады. Елімізде еңбек етіп жатқан ОА елдері өкілдерінің құқығын қамтамасыз ету және оларды Қазақстан заңдарына сәйкес әлеуметтендіру мәселесі өте өзекті. Орталық Азия елдерінің өкілдерімен осы мәселелердің барлығы жүйелі түрде жан-жақты қарастырылатын болады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.