Басты Жаңалықтар Қызылорда облысы кәсіпкерлері үшін жер алу енді жеңілдей түспек

Қызылорда облысы кәсіпкерлері үшін жер алу енді жеңілдей түспек

Оған «Нұр Отан» партиясының жаңа бағдарламасы себеп. Қазір пилоттық жоба Сыр өңірінде қолға алынған. «Геоақпараттық онлайн сервис» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында орналасқан. Аймақтағы бос жатқан жерлер, коммерциялық мақсатта пайдалануға болатын телімдер, олардың инфрақұрылымы туралы мәліметтер электронды форматқа көшірілуде.

Яғни, жерге қатысты ақпараттар топтастырылған электронды карта болмақ. Демек, онлайн режимде жердің жағдайы бақыланады. Мұндай қадамға баруға  жаңа кәсіп бастап жатқандардың жерді жалға алуда немесе сатып алуда көп қиындықтарға кезігуі түрткі болған. Жоба жуырда ел аумағын қамтымақ. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу