Қызылордада құрылысшылар сынға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада құрылысшылар сынға түсті

17.05.2018

Қызылордада кәсіби құрылысшылардың шеберлік сайысы басталды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен келген  50-ге жуық маман қатысуда. Жарыс қорытындысында  «Үздік сылақшы», «Үздік қалаушы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталады. Шара еңбек адамдарының мәртебесін көтеру мақсатында және Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Қазір Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала бой көтеруде. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Сайысқа қатысушылар осы  құрылыс алаңында өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдай түссе, жас мамандар аға буыннан үлгі-өнеге алды. 

Еркемай Темірғалиева, сылақшы /Павлодар/:

-Осы салада 15 жылдан бері жұмыс істеймін. Өзіме ұнайды. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу