Астанада Әзірбайжанның бұрынғы президенті Гейдар Алиев жайлы кітаптың тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Әзірбайжанның бұрынғы президенті Гейдар Алиев жайлы кітаптың тұсауы кесілді

17.05.2018

Тұңғыш Президент- Елбасы кітапханасында Әзірбайжан мемлекетінің көрнекті қайраткері, бұрынғы президенті Гейдар Алиев туралы кітаптың тұсауы кесілді.

«Еліне жол ашқан» атты кітап қазақ тіліне аударылып, көпшілік оқырманға арналған. Осы игі шараға Қазақстан мен Әзірбайжан елінің айтулы саясаткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Соның ішінде, Әзірбайжан президентінің көмекшісі Али Гасановтың өзі келіп, арнайы баяндама жасады. Гейдар Алиев - қазіргі гүлденген, демократиялық Әзірбайжан Республикасының негізін қалаушы. Кітапта Әзірбайжан тарихы ерте заманнан суреттеліп, Гейдар Алиевтің саясат алаңына шыққанға дейінгі кезеңі толық сипатталған.

Басылымда отбасы тәрбиесі мен ата-ана даналығы ықпал еткен қайратты, жігерлі, тек биікке ұмтылған тұлғаның бейнесі көрсетілген. Сонымен қоса, кітаптың таныстырылымына қатысқандар Гейдар Алиев пен Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы бауырмалдық қатынасты да ерекше атап өтті. «Тіпті, екеуінің бейресми жағдайдағы кездесулерінде аға мен інінің арасындай болған көріністі байқау қиын емес», -деп еске алысты. 

Махмұд Қасымбеков, Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің бастығы:

95 жасқа келгеніне байланысты біз ол кісі туралы жазылған кітапты қазақ тіліне аударып шығарып отырмыз. Кітаптың алғы сөзін жазып берген Елбасы. Бұл да жай ғана ізет емес, ол кісінің өзінің кезінде ұзақ жылдар үзеңгілес болған әріптес, ағасы, бауырына деген ілтипаты деп түсіну керек деп ойлаймын. 

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

 

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу