Ораза науқас жандар мен сапарға шыққан жолаушыға міндет емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ораза науқас жандар мен сапарға шыққан жолаушыға міндет емес

17.05.2018

Бүгін Қасиетті Рамазан айы басталды. Мұсылман қауымы  ауыз бекітіп, Исламның негізгі бес парызының бірін орындайды. Ораза ұстаған адам таңсәріден күн батқанша өзін ішіп-жеуден тыяды. Сонымен қатар, түрлі жаманшылықтан бойын аулақ ұстайды.

Үзбей ауыз бекітіп жүргендердің бірі Сапабек Еңсебаев. Биыл 18-ші Оразасы. Рамазан айы оның жан және тән саулығына оң әсер еткен. Өзінің айтуынша, бұрын ол ашушаң еді, ал, енді мінезі көркемделді, денсаулығы түзелді.

Сапабек Еңсебаев, қала тұрғыны:

Ораза 29 күн. Таң намазына 10 минут қалғанда ауыз бекітіп, Ақшам намазында ашады. Келер айдың 11-нен 12-не қараған түн Қасиетті Қадір түні.

Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

Бір ай бойы бір Алланың ризалығы үшін Ораза ұстаған пенденің тілегі қабыл, мұраты асыл болады. Ризық-несібесін, жасаған кәсібіне де Алла Тағала берекесін молайтады. Сондықтан, баршаңызға келе жатқан Рамазан құтты, берекелі болғай.

Әлбетте ауыз бекіту қай жағынан алса да, пайдалы. Алайда, күні бойы ашқұрсақ жүріп, кешкі мезгілде ас ішу тәртібін сақтаған жөн. Әйтпесе, түрлі созылмалы аурулар қозады және асқазанға салмақ түседі.

Отыз күн Ораза науқас жандар мен сапарға шыққан жолаушыға міндет емес. Ең бастысы, Оразаның қоғамға пайдасы мол, адамдар арасындағы түсіністік пен мейірім артады. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

Хабарламаларға жазылу