«Жасыл ел» жасақтарының XIV еңбек маусымы басталды. Ең алдымен жаңа маусымдағы жұмыстары жоспарланып, жасампаз жастарға тың нұсқаулар берілді. Еңбек жасақтарының маусымашары шеберлік сыныптары, тимбилдинг, семинарлар, интеллектуалды сайыстар, көшет отырғызу тәрізді пайдалы әрі қызықты шараларға толы болды. «Жасыл ел» отрядтарының қызметі 14 бағытты қамтиды. Жастар сәулет өнері үлгілерін қалпына келтіріп, археологиялық қазба жұмыстарына да белсенді атсалысады. Республикалық штаб алдағы еңбек маусымында ауылдық округтардағы әлеуметтік маңызы бар нысандарға жөндеу жұмыстарын жүргізуді де жоспарлап отыр.
Асхат Оралов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты жөніндегі департаментінің директоры:
- Жалпы, республика көлемінде әрбір аймақты қосқанда 18 мыңға жуық жастарды уақытша жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Қазіргі күні «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын жүйелі түрде жүргізу мақсатында министрліктің тарапынан әрбір аймақтарға, жергілікті әкімдіктерге 900 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.