Ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық

15.05.2018

Сочи қаласында өтіп жатқан «Атомэкспо» форумының аясында Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы мен Ресейдің «Ғылым және инновация» мекемесі ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл құжаттың арқасында енді тараптар ядролық реакторлардың қауіпсіздігін арттырып, реакторлық отынның сапасын жақсартуға және ғылыми ақпаратпен алмасуға жаңа мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресейдің ғалымдары жаңа радиоактивті материалдар шығару үшін бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізетін болды. Сонымен қатар, келешекте екі елдің мамандары радиоактивті қалдықтар мен ядролық отынды қайта өңдеу мәселесінде де күш біріктіреді. 

Мажын Ысқақов, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директорының орынбасары:  

- Қарым-қатынастарымыз бірнеше жылдан бері жалғасып келеді, жемісті деп айтуға болады.

Павел Зайцев, «Ғылым және инновация» АҚ бас директоры:

- Бұл келісім біздің ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастығымызға жаңа мүмкіндік ашады деп ойлаймын. Мәселен, жаңа материалдарды шығару, ядролық отынды пайдалану бағытында бірлесе жұмыс істей аламыз. Қазақстан мен Ресей өзара тәжірибе алмасатын болса, бұдан екі елдің де атом саласы да ұтады.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу