Ержан Ашықбаев Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды Сочиде өтетінін жария етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Ашықбаев Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды Сочиде өтетінін жария етті

15.05.2018

«Астана процесі әлі тірі. Әрі одан ары жалғаса береді». Сирия бойынша өтіп жатқан Астана процесінде сөз алған Ресей делегациясының жетекшісі Александр Лаврентьев осылай деді. Бұған дейін батыс баспасөзінде «Астана процесінің» тығырыққа тіреліп, тоқтап қалғаны айтылған. Кешелі-бүгін елордада өткен табысты келіссөздер Астананың Сириядағы бейбіт өмірдің қалпына келуіне сүбелі үлес қоса беретінін көрсетті.

Ресей, Иран, Түркия үштігінің өкілдері аймақтағы ахуалдың біртіндеп тұрақталып келе жатқанын айтты. Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды Сочиде өтетінін жария етті. Ал, жұмыс тобының келіссөздері маусым айында Анкарада өткізу жоспарланған.

Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Соңғы екі күн ішінде тараптар Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға әрі гуманитарлық ахуалды жақсартуға маңызды келіссөздер өткізді. Астана процесі Женева процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу