Өрт қауіпсіздігін сақтамаған сауда объектілеріне 18 млн.теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өрт қауіпсіздігін сақтамаған сауда объектілеріне 18 млн.теңге айыппұл салынды

14.05.2018

Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, тексеріс жүргізілген 1,5 айдың ішінде 15 мыңнан астам заңбұзушылық анықталған. Көпшілігі эвакуациялау жолдарына байланысты. Бірінде сыртқа апаратын қосалқы есіктер жабық болса, енді бірінде құлақтандыру жүйесі мүлде жұмыс істемейтін болып шықты.

Осыған орай, ТЖК мамандары сауда орындарының иелеріне қатаң ескерту жасап, екінші рет қайталаған жағдайда айыппұлмен қоса, ең қатаң шара қолданылатынын жеткізді.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Еліміз бойынша 1260 нысан тексеруге жатады. Біз оның 94-ін тексердік. Тек, 23 объектіде ғана талаптар сақталған. Ал, ережені елемегендерге ескерту жасап, олқылықтарды орнына келтіру үшін уақыт бердік. Уақыты келгенде қорытынды тексеру жүргіземіз. Ол кезде де заңбұзушылықытар анықталса, жаза жеңіл болмайды.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу