«Бір белдеу - бір жол» бастамасының 2021 жылға дейінгі стратегиясы қажет. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Серіктестік: кеден, салық және бизнес» халықаралық форумында айтылды. Жиында мамандар Жібек жолын пайдаланып, сауда керуені өтетін елдер арасында тиімді қарым-қатынас орнату керектігіне тоқталды. Бұл ретте «Бір белдеу - бір жол» бастамасы оған толық мүмкіндік бере алады. «Әсіресе, аталған елдер арасында салықтық ынтымақтастыққа аса мән берген жөн», - дейді сарапшылар.
Басқосуда келесі жылы Жібек жолын дамыту жөніндегі екінші форумды ұйымдастыру қажетігі де айтылды. Бірақ, ол басқосуда тек қана сауда қауымдастығының ғана емес, сонымен бірге, ғылыми орталардың өзара іс-қимылы мәселесі басты назарға алыну керектігі алға қойылды.
Бақытжан ОМАР
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.