Петропавлда ескі ағаштарды түбімен қопарып жатқандар көпшіліктің ашу-ызасын тудырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда ескі ағаштарды түбімен қопарып жатқандар көпшіліктің ашу-ызасын тудырды

11.05.2018

«Ағашты кеспеңіздер, оның өмір сүргісі келеді» деген өтініш хаттар көбейіп, жұртшылық қала орталығындағы жасыл желектің жойылуына қарсылық білдіруде. Мамандардың сөзінше, осы күнге дейін 74 ағаш кесіліп, тағы жүздегенінің бұтақтары қиылған. Ал, дендрологтар «табиғатқа бұлай қатыгездікпен қарауға болмайды», - дейді. Әкімдіктегілердің сөзінше, кесілген талдардың орнына қарағай, қайың, шырша және тағы да басқа 5000 түп ағаш отырғызылады. 

Дулат Шарапиденов, қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

- Көп адамдар біздің жұмысымызды қолдап, ескі ағаштың орнына жас көшет отырғызу керек деп, алғыстарын білдіріп жатыр. Әлеуметтік желіде қарсылық танытып жатқандарды да оқыдым. Бірақ, жаппай бәрі қарсы шығып жатқан жоқ. Көшеттерді алуға ешқандай қаражат жұмсалмайды. Тек оны отырғызатын жұмысшыларға, тасымалдайтын техника мен жанар-жағармайға 22 млн. теңге бөлінді.

Самат САПАРАЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу