Басты Жаңалықтар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында атыраулық  300 отбасына пәтер кілті табысталды

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында атыраулық  300 отбасына пәтер кілті табысталды

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында атыраулық 300 отбасына пәтер кілті табысталды. Олардың 105-і тұрғын үй кезегінде тұрғандарға,  ал, 195-і несиемен берілген.

Бүгінде Береке деп аталатын жаңа шағын ауданда 15 көпқабаты үйдің құрылысы біткен. Келешекте бұл баспаналардың қатары 40-қа жетпек. Биыл шағын ауданда 1200 орындық мектеп пен 290 орындық  екі балабақшаның құрылысы басталады деп жоспарлануда. Болашақта бұл аумақ 15 мыңға жуық тұрғыны бар орталыққа айналмақ. 

Рафхат Жолдиев , Атырау қалалық  ТҮКШ  тұрғын үй секторының меңгерушісі:

- Бұдан өзге 195 пәтер дайын. Қазір осы үйлер берілетін азаматтардың тізімін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу