«Туған жерім - Алматым» атты тарихи-мәдени танымдық шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Туған жерім - Алматым» атты тарихи-мәдени танымдық шара өтті

11.05.2018

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Туған жерім - Алматым» атты тарихи-мәдени танымдық шара өтті.

Онда мегаполистегі этномәдени бірлестіктер аймақтың ең байырғы ескерткіші саналатын Сақ қорғандарын аралап, оның тамырлы тарихын тереңінен танып білді. Сондай-ақ, шаһардағы оқу орындарының студенттері игі бастаманың арқасында бабаларымыз жасаған өркениеттің жетістіктерін көрді. Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы еліміздегі киелі жерлерді біліп-зерттеймін деген жастар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызды. Сондықтан, енді жас ғалымдар осы бағыттағы зерттеулерге ден қоймақ. Ал, жеріміздің тарихын тану арқылы патриоттық тәрбие беруге арналған шаралар болашақта да жалғаспақ.    

Жанат Мұрынова, «Қоғамдық келісім» КММ директоры:  

- Президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында сакралдық географияға, «Туған жер» бағдарламаларына ерекше мән берілген. Алматы қаласындағы сакралдық орындар алтау. Оның ең маңыздысы, ең тарихи көне орынның бірі – «Боралдай сақ қорғандары». Жастарымыз мемлекетіміздің тарихын танып-білуі керек.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу