Журналистер арасындағы «Үркер» байқауы биыл «Қазақ» газетінің 105 жылдығына арналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер арасындағы «Үркер» байқауы биыл «Қазақ» газетінің 105 жылдығына арналады

10.05.2018

«Үркер» сыйлығының иегеріне бір миллион теңге табысталады. Байқауға баспасөз, интернет-сайт және радио журналистері қатыса алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Аталған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері былтыр жарияланған материалдарын 10 маусымнан кешікпей өткізулері керек. Құжаттар «el.kz» сайтында қабылданады. Биыл екінші рет өткізіліп отырған байқау жеңімпаздары 12 номинация бойынша анықталмақ. Ал, 13-ші аталым оқырмандардың дауыс беруі нәтижесінде белгілі болады. Ол ең үздік блогер, үздік вайнер, ең танымал паблик немесе жыл хайпы болуы мүмкін. 

Нұргүл Мауберлинова, ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі:

-«Тұмар» ұлттық сыйлығы Қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналған еді. Ал, «Үркер» сыйлығын биыл біз «Қазақ» газетінің 105 жылдығына арнауды жоспарлап отырмыз. Бұл газеттің отандық журналистикада алатын орнының ерекше екендігін білесіздер. Өткен жылы «Үркер» байқауы жоғары дәрежеде өтіп, конкурсқа 700-ге жуық өтінім түскен болатын. Биыл да көп үміткер болатынына сенеміз.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу