Басты Жаңалықтар Қазақстан және Ресей сарапшылары Еуразиялық интеграцияны дамытудағы мәселелерді көтерді

Қазақстан және Ресей сарапшылары Еуразиялық интеграцияны дамытудағы мәселелерді көтерді

Астанада Қазақстан және Ресей сарапшыларының форумы өтті. Осымен екінші рет ұйымдастырылып жатқан шарада қос елдің белді сарапшылары Еуразиялық интеграцияны дамытудағы мәселелерді көтерді. 

Басқосудың алғашқы бөлігі «Жаһандық геосаяси трансформация дәуіріндегі Еуразия» тақырыбына арналды. Мамандар ирандық келісіммен Америка Құрама Штаттарының шығу әрекетін талқылады. Айтуыларынша, бұл қадам Еуразия кеңістігіне әсер етпей қоймайды.

Сондай-ақ, басқосуда Орта Азиядағы соңғы өзгерістер жайы пысықталды. Нақтырақ айтсақ, мамандар Өзбекстанның дамудың жаңа бағытын ұстануы аймаққа қалай әсер ететіндігін талқылады.

Андрей Быстрицкий, «Валдай» халықаралық пікірталас клубы даму және қолдау қоры кеңесінің төрағасы:

- Бұл біздің екінші сарапшылық диалогымыз. Бұл тұрғыда үшінші осындай талқылаулар болады деген үміттемін. Осы тектес пікір алмасулар қайшылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Жалпы алғанда, біз сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, оңтайлы көзқарастарды ұстанып отырмыз.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу