Ленинград облысында табылған қазақ жауынгерінің сүйегі туған жерде жерленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ленинград облысында табылған қазақ жауынгерінің сүйегі туған жерде жерленді

09.05.2018

Ресейдің Ленинград облысында табылған қазақ жауынгерінің сүйегі бүгін Көкшетеуға жеткізілді. Абдулқасым Жаманбаев 1941 жылы осы өңірден соғысқа аттанған. 1942 жылдан бастап хабар-ошарсыз кетеді. Ұрпағы талай іздестіргенмен нәтиже болмаған. Абдулқасым Жаманбаев жатқан жерін биыл ресейлік «Примирение» іздеу жасағы анықтады. Жауынгердің аты жөні жазылған  медальоны мен тамақ ішкен тостаған-қасығы, су ішкен құтысына дейін бірге көмілген екен. Осылайша, арада 76 жыл өткенде оның сүйегі туған жеріне әкелінді. Көкшетаулықтар мәңгілік алау алдында Абдулқасым Жаманбаевтың рухына тағзым етті. Жауынгердің сүйегі Көкшетау қаласындағы зиратқа жерленді. 

Қанат Жаманбаев, немересі:

- Көңілім толып тұр. Атамды артқа алып келуге көмектескені еліме рахмет. Шын айтсам, жүрегім орнына тұрды ғой, атамды елге әкелгеннен кейін. Осы біздің аталарымыз соғыста жүргенде көбі елге қайтқан жоқ. Осылай елге қайтса, немерелері елге қайтарса, қандай өте жақсы болатын еді.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу